Қызылбиік – Жақсытағылы тауларының шығысындағы тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Жоғары Қайрақты кентінің оңтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1014 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 6 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Геологиялық құрылымы Қызылбиік тауы девонның альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген. Граниттер де кездеседі.

Жер бедері Жер бедері шоқылы, қырқалы болып келеді. Солтүстік-шығысында Манатай, оңтүстік-батысында Жаман Қарабас таулары, солтүстігінде Майбас, оңтүстігінде Шекелі қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, көде, селеу, тобылғы, қараған, оңтүстік бөлігінде қалың шілік, т.б. өседі. Баурайы жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары