Екейбай Қашағанұлы Қашағанов (28 тамыз 1920, Иірсу ауылы, Шымкент уезі, Сырдария облысы, Түркістан АКСР, РКФСР — 10 желтоқсан 1985, Алматы, Қазақ КСР) – қоғам және мемлекет қайраткері. Экономика ғылымдарының кандидаты (1972).

Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан.

Алматы педагогика техникумын, Қазақстан КП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1948), КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін (1958) бітірген. 1939 жылы қазан айында әскерге алынып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысады, одан 1946 жылы оралады. 1948 – 55 жылдары Луговой ауданы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 2- және 1-хатшы болып істейді, Жамбыл облысы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, хатшы қызметін атқарады, 1962 – 1964 жылдары Оңтүстік Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшысы, 1964 – 1980 жылдары Семей обкомының 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы болады.

Семейде Абай мен М.Әуезовке, Достоевский мен Ш.Уәлихановқа ескерткіш орнатуға, Абай, Достоевский, М.Әуезов мұражайларын ұйымдастырып, қыстауларын қалпына келтіруге, Семей қаласының ортасында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрын салдыруға күш-қайратын жұмсаған.

Қазақ КСР Мемл. сыйлығының иегері, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, Халықтар Достығы, І-және ІІ-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен, 6 рет «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әр жылдары КСРО ХШЖК-нің бір алтын, үш күміс, 2 қола медалін жеңіп алған.

Қордай ауданының Кенен ауылындағы орта мектепке Қашағановтың есімі берілген.“Тараз энциклопедиясы”

Дереккөздер

Санат:Қордай ауданында туғандар Санат:Алматы педагогикалық техникумы түлектері Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Семей облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы жоғары партия мектебі түлектері Санат:КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебі түлектері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан КП Луговой аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары