Андрия Живкович (серб. Андрија Живковић; 11 шілде 1996, Ниш) — серб футболшысы, «Партизан» клубының шабуылшысы.
Мансабы Андрия өзінің футболшы мансабын туған қаласындағы «Национал» клубында бастап, 2009 жылы «Партизан» клубына қосылды. 2013 жылы 28 сәуірде «Нови Пазар» клубына қарсы ойнында Андрияның «Партизан» клубындағы алғашқы кездесуін өткізді. Алғашқы голын 2013 жылы 25 тамызда «Раднички» клубына қарсы ойынында алғашқы голын соқты. 2013/14 маусымда он ойында төрт гол соқты.
Андрия Сербияның жас құрамасында ойнаған. 2013 жылы 11 қазанда Серюия құрамасындағы алғашқы ойынын өткізіп, құрама тарихындағы ең жас ойыншы атанды.
Жетістіктері «Партизан» Сербия чемпионы (2): 2012/13, 2014/15 Сербия кубогы: 2015/16
Сілтемелер
Санат:11 шілдеде туғандар Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Партизан Белград ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары