Семюэл Александер (, 6 қаңңтар 1859, Сидней, Аустралия — 13 қыркүйек 1938, Манчестер, Ұлыбритания) — ағылшын неореалист-философы, эмерджентты эволюциясы идеалистік теориясының негізін қалаушы. Жалпы салыстырмалы теорияны идеалистік тұрғыда түсіндіруді негізге ала отырып, Александер кеңістік-уақытты дүниенің түп төркіні деп есептеді, оны қозғалысқа ұқсатты. Осы кеңістік-уақыттан ішкі себептерге байланысты сапалық секірістер арқылы бірте-бірте материя, өмір, психика, "үшінші сапа" (құндылық), "періштелер", Құдай пайда болады. Эмердждент эволюциясы жаңаға қарай ұмтылыс түрінде көрінуі мүмкін мінсіз серпіліс арқылы бағытталады. Александер Семюэлдың көзқарастары осы заманғы ғылымға қайшы келді. Негізгі шығармалары "Кеңістік, уақыт және Құдай" (Space, Time and Deity, 1920) Moral Order and Progress: An Analysis of Ethical Conceptions, 1889 Art and Material Beauty, 1925 Beauty and Other Forms of Value, 1933Философиялық сөздік, Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996, 525 б., ISBN 5-89800-097-6.

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания философтары Санат:Сиднейде туғандар