Мақан, Мақанды – Қорағаты алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 85 км, су жиналатын алабы 565 км2. Ең ірі салалары - Мақанды және Ермен.

Бастауы Бастауын Қызылқыстақ ауылынан жоғарыда аласа тау етегіндегі бұлақтардан алып, Ленин жолы ауылынан төменде Қорағаты өзеніне оң жағынан құяды. Өзеннің бастапқы бастауы Үшемшек асуының баурайынан және Қызылсай ауылынан жоғарыда басталып, Үлкен Шу каналына құяды.

Гидрологиясы Арнасының басым бөлігі көлбеулеу жазық өңірмен өтеді. Алытнарық ауылы маңында жағалауы жарлауытты келеді. Сағасында шағын жайылма түзейді. Арнасында жыл бойы су болады. Алабы толығымен дерлік егістікке игерілген. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы өзендері Санат:Шу су алабы