Кросс-мәдениеттік этнопсихология — әртүрлі этностар мен ұлттардың рухани өмірін бір-бірімен салыстыру арқылы адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшіліктерін зерттейтін этнопсихологияның бір бағыты. Мұның кқрнекті өкілдерінің бірі, америка этнографы Мид Маргарет (1901-1978). Ол көптеген этнологиялық материалдарды талдай, табиғи және әлеуеттік факторлардың ара қатынасын салыстыра келіп, түрлі этностардың тұлғалық ерекшіліктерінің қалыптасу жолын, әсіресе баланың әлеуметтенуін зерттеу арқылы ұлттық мінез ерекшіліктерін көрсетті. Оның "Мәдениет эволюциясындағы сабақтастық" (1964) атты еңбегінде мәдениет факторының, адамның психологиялық ерекшіліктеріне елеулі әсер ететіндігі айтылған"Психология" энциклопедиялық сөздік. Алматы 2011.

Қазіргі зерттеу бағыттары мен әдістері Кросс-мәдениеттік этнопсихологияда аксиологиялық (құндылықтық) талдау әдісі маңызды рөл атқарады. Бұл әдіс әртүрлі этникалық топтардың құндылықтар иерархиясын салыстыру арқылы олардың әлеуметтік бейімделу (адаптация) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі этникалық азшылықтардың ұлттық бірегейлену үдерістерін зерттеуде бұл әдіс этносаралық коммуникацияның тұрақтылығын бағалаудың негізгі құралы болып табылады.Паридинова Б. Ж., Әбікенов Ж. О. Жаһандану шарттарында туындаған өзгерістер динамикасындағы дәстүрлі және инновациялық құндылықтар // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы. — 2023. — №3 (85). — Б. 97-106. — DOI: 10.26577/jpcp.2023.v.85.13.010

Дереккөздер

Санат:Психология