Бенин (), толық ресми түрі Бенин Республикасы (, 1975 жылға дейін Дагомея) — Батыс Африкадағы мемлекет. Солтүстікте Буркина-Фасо және Нигермен шекаралас, шығыста — Нигериямен, батыста — Тогомен. Астанасы — Порто-Ново, бірақ басшылық Котонуда орналасқан, Бениндегі ең ірі қала.
Тарихы Ежелде мемлекеттің солтүстік жағында гурма тайпасы өмір сүріпті, сосын оларды Нигерия елінен келген барба тайпасы ығыстырып жіберді. Мемлекеттің оңтүстік жағында фок және аджа тайпалары өмір сүріпті.
XV ғасырда Бенин жағалауында португалдар көрінді.
XVI—XVII ғасырларда француздық, голландық, ағылшын сатып алушылар мен саудагерлік қамалдар мен факториялар құрылды.
XVII ғасырда Бенин жағалауы және көршілес аудандар еуропалық құл сату орталығына айналды.
XVIII ғасырда Дагомея басшылары құл сатушылықпен жақсы айналысты, жыл сайын еуропалық саудагерлерге 20 мыңдай құл берілетін. XIX ғасырдың ортасына дейін, еуропалық елдерде құл сатушылық тоқтағанға дейін болды.
Демографиясы Бениндегі соңғы халық санағы 2013 жылдың 11-25 мамырында жүргізілді. 2013 жылғы санақ бойынша ел халқының саны 9 983 884 адамды құрады.
Халық санының жыл сайынғы өсімі – 2,9% (фертильділік – бір әйелге 5,4 туу).
Орташа өмір сүру ұзақтығы 59 жасты құрайды.
Иммундық тапшылық вирусын (АИТВ) жұқтыру – 1,2% (2007 жылғы бағалау).
Этникалық құрамы: 60-тан астам халықтар, ең көп саны шығыс аналықтар, оларға фон халқы (шамамен 65%), дагомея, барба, сомба, йоруба, буса және т.б.
Тілдер: француз (ресми), фон және йоруба (негізінен елдің оңтүстігінде), елдің солтүстігіндегі әртүрлі тайпалық тілдер.
Діндері: христиандар 42,8%, мұсылмандар 24,4%, вуду 17,3%, басқалар 15,5% (2002 жылғы халық санағы). Христиандардың көпшілігі католиктер, басқа христиандық конфессиялар - баптистер, әдіскерлер, Құдай ассамблеялары және адвентистер.
15 жастан асқан халықтың сауаттылығы 34,7%, ерлер 48%, әйелдер 23% (2002 жылғы халық санағы бойынша).
Дереккөздер
* Санат:БҰҰ мүше мемлекеттері