Батурин Пафнутий Сергеевич (1740 - 1803 ж.) - орыс философ-ағартушысы. Батуриннің алғашқы философиялық еңбегі полемикалық сипатта жазылған. Онда мистик Л. де Сен-Мартеннің идеяларына сын тұрғысында талдау жасалады, соңғысы бұл идеяларды "Адасу мен ақиқат туралы, яки адамзаттың білімнің жалпылама негізіне үндеухаты" деген кітабында баяндаған болатын. Батурин еңбегі Сен-Мартеннің аталған кітабын идеялық қару еткен масондардың діни-мистикалық тұжырымдарын сынаған бірден-бір шығарма болды. Өз заманындағы жаратылыстанудың жетістіктеріне сүйене отырып, Батурин табиғат құбылыстарына материалистік түсінік берді, космологиядағы гелиоцентризм идеяларын, материяның сақталу және айналу заңын және танымның материалистік теориясын қорғап, бақылауға және тәжірибелік деректерге үлкен мән береді. Батурин мистиктердің "тең емес субстанциялар немесе нақты дүниенің" рухани негіздері туралы ілімін теріске шығарды. Батуриннің материализмі метафиз. сипат алып, деистік формада өрбіді (Деизм). Батурин ағартушылықты және жаратылыс ғылымдарын дамытуды, "жақсы" заңдар мен гуманизмді жақтады.
Еңбектері: "Адасу мен ақиқат туралы кітапты зерттеулер" (Тула, 1790); "Аравляндар туралы қысқаша хикая" (1787) және тағыда басқа еңбектердің авторы.
Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік
Санат:1740 жылы туғандар Санат:1803 жылы қайтыс болғандар