БОЛЖАМДЫҚ-ДЕДУКТИВТІК ӘДІС - методол. әдістердің жүйесі, бұл жүйе кейбір дәлелдерді болжам ретінде ұсынады және осы болжамдарды басқа да бізде бар білімдермен біріктіре отырып, одан салдарларды шығарады және оларды деректермен салыстыра қарайды. Бастапқы болжамды салыстыру негізінде бағалау өте күрделі және көп сатылы сипатта болады, өйткені болжамды жеткілікті түрде ұзақ тексеру әрекеті оның дәлелін табуға немесе жоққа шығаруға апаруы мүмкін. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік