Колмановский Эдуард Савельевич (9.01.1923 жылы туылды, Могилев - 27.05.1994,Мәскеу) - кеңес композиторы, Бурят АССР - інің (1963) және РКФСР - дің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974). 1945 жылы Мәскеу консерваториясын (комопзициядан - В.Я.Шебалиннің класы бойынша) бітірді. Азаматтық, патриоттық рухтағы ("Мен өмірді сүйемін", 1958,"Тілейме орыстар соғысы", 1961,"Коммуналар құл болмайды",1967) және лирикалық ("Біз сіздерді күтеміз",1963,"Вальс туралы вальс",1964,"Тырна балапаны", 1965) әндері халық арасына кең тараған. Ол "Ақшақар" (Мәскеудің балалар музыкалық театры,1966 ), у.шекспирдің "Он екінші түн " (Мәскеудің Көркем академиялық театры, 1955) т.б. спектакльдерге музыка жазды. Колмановскийдың альт пен оркестрге арнап жазған концерті (1945), симфониялық оркестерге арналған 4 сюитасы (1945,1948,1950,1956), романстар мен кинофильмдерге жазған музыкалары бар. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 499 бет
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Колмановский Эдуард Савельевич · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.