Дамудағы спираль - терісті теріске шығару заңына сипаттамадағы дамуды бейнелеп түсіндіру үшін қолданған салыстыру. Даму кезінде әрбір құбылыстың өзгеру процесі өзінің "бұрынғы түріне" қайта оралғандай тәрізді, жоғарғы сатыдағы құбылыс төменгі сатыдағының кейбір сипатын және ерекшелігін ширатылған серіппе түрінде елестетуге болады. Спиральдің әрбір жаңа орамы алдыңғы орамды қайталанғандай тәрізді, бірақ ол жоғарғы сатыда өтеді. Сонымен қатар Дамудағы спиральді метафизиканың тұйық шеңберге тән түсінігіне қарама-қарсы қоюға арналған. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік