Қарабұлақ – Жақсытүкті тауының ортa бөлігінде орналасқан тау.
Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Преображенка ауылының оңтүстік-шығысында 14 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 584 м. Пішіні конус тәрізді. Ұзындығы мен ені 1 км-дей. Шығыс беткейі батысына қарағанда тіктеу келген, нашар тілімденген.
Геологиялық құрылымы Элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан жоғарғы девонның интрузивті тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Шымды, сәл күлгінді қара топырағында қарағай, қарағайлы-қайыңды орман қалыптасқан. Орман ішінде қына мен әр түрлі шалғынды шөптесіндер өскен. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сандықтау ауданы таулары