Отто Генрих Варбург (; 8 қазан 1883, Фрайбург, Баден — 1 тамыз 1970, Батыс Берлин) — неміс биохимигі және физиологы, Лондондағы Корольдық қоғамның мүшесі, Нобель сыйлығының иегері, ХХ ғасырдың цитология саласындағы көрнекті ғалымы, Эмил Фишердің шәкірті. Берлинде және Гейдельбергте оқыған.
1906 ж. химиядан, 1911 ж. медицинадан докторлық диссертация қорғаған. 1930 жылдан Берлинде клетка физиологиясы институтын басқарды. Тірі жасушадағы тотығу-тотықсыздану процестері туралы келелі еңбектер жазған. Тыныс алу ферменттерінің табиғаты мен қызметін ашқаны үшін 1931 ж. физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығы берілген. Отто ойлап тапқан бірнеше аспап-құралдар химиялық және физиологиялық зерттеу жұмыстарында қолданылып жүр. Оның бірнеше еңбектері ісік жасушаларындағы зат алмасуын, фотосинтез мәселелерін зерттеуге арналғанҚазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том.
Қайнар көзі
Қайнарлар Варбург
Сілтемелер
Өмірбаян Варбурга
Санат:Германия биохимиктері Санат:Германия физиологтары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Фрайбургте да туғандар Санат:Берлиннің құрметті азаматтары Санат:Варбургтер Санат:Далем зиратында жерленгендер