Иоганн Генрих Мозер (; 1805—1874)— швед саяхатшысы.

Женевада оқып, бакалавр дәрежесін алды. 1865 ж. Ресейге қайтып келді.Генрих Сібірге (1867), Орта Азияға үш рет (1868, 1869, 1882-1883) саяхатқа шықты. 1885 ж. Парижде француз тілінде «Орталық азияға саяхат» деген кітабын жариялады, ол орыс тілінде 1888 ж. жарық көрді. Генрих еңбегінде 19 ғасырдың соңғы ширегіндегі орыс-қазақ қатынастары, Ырғыз, Қазалы, Қызылорда, Түркістан, Шымкент т. б. әкімшілік, сауда орталықтары туралы, қазақтардың кәсібі, отырықшылыққа ауыса бастауы, әдет-ғұрпы жөнінде деректер берілген. Генрих Қазақстанның Ресейге қосылуын отаршылдық сипаттап түсіндірді, қазақтарды «шапқыншы», көшпелі «варварлар» деп білді.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том

Дереккөздер