Мигель Анхел Котто (; 29 қазан 1980, Кагуас, Пуэрто-Рико) — бірінші орта салмақта өнер көрсететін пуэрториколық кәсіпқой боксшы. 2000 жылғы Пуэрто-Рико ұлттық құрамасының мүшесі. Бірінші жартылай орта (WBO тұжырымы, 2004—2006 жылдар), жартылай орта (WBA тұжырымы, 2006—2009 жылдар), бірінші орта (WBA тұжырымы, 2010—2012 жылдар) және орта салмақтағы (WBC тұжырымы, 2014—қазіргі уақыт) әлем чемпионы. 4 бірдей салмақ дәрежесінде чемпиондық атақтар жеңіп алған пуэрториколық бірден-бір боксшы.
Жеке өмірі Мигель Анхел Котто 1980 жылы 29 қазанда АҚШ мемлекетінің Род-Айленд қаласында дүниеге келген. Мигель екі жасқа толған кезде, оның отбасы Пуэрто-Рико мемлекетінің Кагуас қаласына қоныс аударған. Мигельдің болашағы алдын ала анықталып қойды десе де болады. Өйткені, оның отбасындағы ерлердің барлығының дерлік боксқа қатысы бар. Оның әкесі Мигель Котто, ағасы Хосе Мигель Котто боксшылар болса, ал немере ағасы Авенир Котто, көкесі Евангелиста Котто бокстан жаттықтырушы болған. Шынын айтқанда, Мигельге мамандық таңдау қиындыққа түспеді. Ол бала кезінен Bairoa Gym жаттығу залына барып жүрді. Мигель Коттоның жұбайының есімі - Мелисс Гузман, олардың екі баласы бар. Олар: Алондра және Мигель Котто Үшінші. Онымен қоса, некесіз тағы бір қызы бар. Қазіргі уақытта ол сотқа арыз беру арқылы қызымен кездесіп тұрады.
Әуесқой мансабы 1997 жыл Панамерикандық Ойындарда жеңіске жетті. Финалда Хавьер Асвальдо Альваресты () жеңді. 1998 жыл Жасөспірімдер арасындағы Панамерикалық Ойындарда екінші орын алды. Финалда Дана Лафрамбостан () ұтылды Әлем чемпионатында топ жарды. Андрей Колевинды () жеңді PTS (15-3) Дана Лафрамбосты () жеңді PTS (6-1) Дариуса Хасеекусты () жеңді PTS (9-5) Антон Солоповтан () жеңілді PTS (8-9) Орталық Америка Кариб ойындарында екінші орын. Луиса Антонио Авеконы () жеңді PTS (+25-25) Карлос Кастроны () жеңді PTS (12-4) Марио Кинделаннан () жеңілді PTS (2-20) 1999 жыл Панамерикалық ойындарға қатысты. Дана Лафрамбостан () ұтылды PTS (2-5) Әлем чемпионатына қатысты Робертас Номеикастан () жеңілді PTS 2000 жыл Орталық Америка Кариб ойындарында жеңіске жетті. Олимпиада ойындарына қатысты Мұхаммадқадыр Абдуллаевтан () ұтылды 7-17
Кәсіпқой мансабы thumb|left|200px|Мигель Анхел Котто 2001 жылы ақпанда алғашқы айқасын өткізді. 2003 жылы желтоқсанда Котто 8-ші раундта жеңілмеген Карлос Мауссты (17-0) нокаутпен тізе бүктірді. 2004 жылы ақпанда 4-ші раундта Викториано Сосуды нокаутқа түсірді. 2004 жылы ақпанда Котто элиминаторда Лавмора Ндуды ұпай санымен жеңді.
Екінші жеңіл салмақтағы чемпиондық айқастар Кельсон Пинтумен айқас 2004 жылы қыркүйекте Пуэрто-Рикода WBO титулы үшін бірінші жартылай орта салмақта жеңіліс көрмеген боксшылар - жергілікті Мигел Анхел Котто мен бразилиялық Кельсон Пинто арасында жекпе-жек өтті. 2-ші раундтың аяғында Котто екілік жасады - жақтан оңжақ хук және солжақ хук. Пинто еденге сұлап түсті. Ол қайта аяғынан тұра алды, арқанға сүйеніп тұрып қайтадан құлай жаздады. Дегенмен Коттоның қарсыласын ұрған үстіне ұра түсуіне мүмкіндігі болмады. 5-ші раундтың аяғында Котто қарсыласының басына бірнеше сериялық соққылар жасады. Бразилиялық құлап бара жатып, қарсыласынан ұстанып қалды, содан кейін аяғынан тік тұруға тырысқанымен, рингке ұшып түседі. Соған қарамастан Пинто жылдам көтерілді. Осыған орай рефери нокдаун есепке алады. 6-шы раунд басында Котто бразилиялықты бұрышқа қамап, ауыр соққылардың астына алды. Соққылардың жойқын болғаны соншалық, Пинто еденге сұлап түсті. Бразилиялық қайта тұра алғанымен делсал күйде болатын. Сондықтан рефери жекпе-жекті тоқтатты.
2004 жылы желтоқсанда Котто 6-шы раундта Рэнделла Бейлиды нокаутқа түсірді.Ай жекпе-жегі: Мигель Анхель Котто (Пуэрто-Рико) - Поли Малиньяджи (АҚШ) [Сиқыршыны дуалады, бірақ ұра алмады
Демаркус Корлимен айқас 2005 жылы ақпан айында Пуэрто-Рикода Мигель Котто Демаркус Корлимен қолғап түйістірді. 1-ші раунд басында Котто қарсылас кеудесіне оңжақ хук өткізді, содан кейін басына солжақ хук өткізді. Корли тізерлегенмен, бірден қайта көтерілді. Рефери нокдаун есепке алды. 5-ші раундтың аяғында Котто қабырғадан солжақ хук өткізіп, Корли қайта тізерледі. Рефери нокдаун есепке алды. Корли онымен келіспеді. Айқас жалғасын тапқан соң Котто қарсыласына тұра ұмтылды. Қарсыласының соққыларынан қашып жүріп, Корли тағы да тізерлейді. Рефери есеп ашпастан айқасты тоқтатады. Корли рефери шешімімен тағы да келіспейді. Реферидың бұл шешімі үлкен дау тудырды. HBO комментаторы Ларри Мерчант рефери шешімін масқара деп бағалады (ағылш stoppage disgrace).
Мұхаммадқадыр Абдуллаевпен айқас 2005 жылы ақпанда Котто Мұхаммадқадыр Абдуллаевпен кездесті, осыған дейін Котто 2000 жылғы Олимпияда ойындарында одан жеңіліс тапқан болатын. Айқастың соңына жақындағанда Абдуллаевтың оңжақ көзі жарақат әсерінен ісіп кетеді. 9-шы раундтың басында рефери айқасты тоқтата тұрып, өзбекті дәрігерге апарады. Дәрігер өз кезегінде айқасты тоқтатуға кеңес береді. Сөйтіп, рефери пуэрторикандықтың пайдасына нокаут есепке алып, Мигель жеңіске жетті. 2005 маусым: МЕЙУЕЗЕРДЫҢ Шыңы, ЦЗЮДЫҢ жеңілісі және ТАЙСОННЫҢ АҚЫРЫ
Рикардо Торреспен айқас 2005 жылы қыркүйекте жеңілмеген қос боксшы - Мигель Анхел Котто мен колумбиялық Рикардо Торрес арасында айқас өтті. 1-ші раундтың ортасында Котто екілік арқылы қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Ол ең алдымен оңжақ хукпен жақтан соққы жасады, соңынан солжақ хукпен қарсыласын нокдаунға жіберді. Сұлап түскен Торрес бірден көтерілді. 2-ші раундта керісінше Торрес пуэрторикандықты соққының астына ала бастады. Ал 2-ші раунд ортасында Торрес қарсыласының жағынан екілік жасады. Котто клинч арқылы құтылуға тырысқанмен, Торрес оған мүмкіндік бермеді. Соққылардың әсерінен жеңіліс көрмеген Котто еденге сұлап түсті. Рефери оның мансабындағы 1-ші нокдаунды есепке алды. Котто болса өзін итеріп жіберген деп есептеп, рефери шешімімен келіспеді. 3-ші раундтың ортасында Котто қарсыласына белден төмен соққы жасады. Рефери кездесуді уақытша тоқтатып, Торреске қалпына келуге уақыт берді. 4-ші раундтың аяғында Котто қарсыласының басына оңжақ хук, содан соң қабырғадан солжақ хук өткізді. Осыдан соң Торрес сұлап түсті. Рефери нокдаун есепке алды. 7-ші раундтың ортасында Котто қарсыласын бұрышқа қамап, Торрестың басына және қабырғасына сериялық соққыларын өткізді. Есеңгіреген Торрес еденге сұлап түсті.http://blogs.villagevoice.com/runninscared/2014/06/miguel_cotto_dominant_torres_msg.php Ол 10-ға дейінгі есепте көтеріле алмады, сөйтіп рефери нокаут есепке алып, Котто қарсыласын тізе бүктірді.http://blogs.villagevoice.com/runninscared/2014/06/miguel_cotto_win_torres_msg.php
Карлос Кинтанамен айқас 2006 жылы желтоқсанда жартылай орта салмақта WBA титулы үшін жеңілмеген пуэрторикалық боксшылар Мигель Котто мен Карлос Кинтана арасында жекпе-жек өтті. Айқас өте әсерлі болды. 5-ші раундтың аяғында Котто солжақ тараптан бауырға соққы жасап қарсыласын сұлатып түсірді. Кинтана әзер дегенде көтерілді. Котто болса оны ұрған үстіне ұра түсті. Ауыр әрі жойқын сериялық соққылардың әсерінен Кинтана тағыда сұлап түсті. Ол қайтадан аяғына тұрды. Рефери Стив Смогер бұрыннан, боксшылардың бірін-бірі ауыр нокаутқа дейін ұруына мүмкіндік беруімен танымал еді. Ол айқасты қайтадан жалғастырды. Осыған қарамастан Кинтана гонг үніне дейін шыдас берді. Үзілісте дәрігер рефериге айқасты тоқтатуға кеңес берді.
Октай Уркалмен айқас 2007 жылы наурызда Котто тегі түрік германиялық боксшы Октай Уркалмен кездесті. 7-ші раундта қазы Уркалдың баспен жасаған қозғалысы үшін оның ұпайын алып тастады. 11-ші раундта рефери тағы да оның ұпайын алды. Қазылыққа наразы болған немістің бапкері рингке орамал тастады.
Заб Джудамен айқас 2007 жылы маусымда Котто жартылай орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Заб Джудамен кездесті. 3-ші раундта Котто белден төмен солжақ хук жасады. Джуда еңкейіп, сұлап түсті. Рефери пуэрторикалықтың ұпайын алып тастады. 11-ші раундтың басында Котто қарсылас басына оңжақ хук, соңынан солжақ апперкот жасады. Джуда еденге сұлап түсті. Ол 5 дегенде тұрды. Котто шабуылын жалғастырды. Джуда клинчқа кірді. Рефери боксшыларды ажыратты. Котто тағы да шабуылға шықты. Джуда бірнеше соққылар өткізіп алып, шабуылдан қашуға тырысты. Сол кезде рефери жағдайды бағамдап, айқасты тоқтатты. Джуда шешімді дауламады.Мигель Котто Заб Джуданы жеңді Пресс-конференция Мигель Котто мен Заб Джуда Ай айқасы: Мигель Анхель КОТТО (Пуэрто-Рико) - Заб ДЖУДА (АҚШ): ТРИУМФ Мигел Анхел КОТТО
Шейн Мослимен айқас 2007 жылы қарашада Мигель Анхель Котто Шейн Мослимен кездесті. Қазылар жеңісті бірауыздан Коттоға берді.2007 жыл ҚАРАША: Қарсылықтың әсерлілігі Ай боксшысы Мигель Анхель КОТТО
Альфонсо Гомеспен айқас 2008 жылы ақпанда Котто Альфонсо Гомесқа қарсы рингке шықты. Котто бүкіл жекпе-жек бойы басымдығын танытты. 2-ші раундтың аяғында Котто оңжақ хук арқылы Гоместы сұлатып түсірді. Соған қарамастан мексикалық бірден көтерілді. 3-ші раундтың аяғында Котто бауырдан соққы жасап, Гоместы тізерлеуге мәжбүр етті. Рефери болса нокдаун болды деп санап, есеп ашты. Есептің 5 санында гонгтың үні естіліп, рефери есепті тоқтатты. Сұлаған мексикалық әлі де көтерілмеген еді. Осылайша гонг үні Гоместы құтқарып қалды. 5-ші раундтың ортасында Котто солжақ джеб арқылы қарсылас басына соққы жасап тағы да сұлатып түсірді. Есеңгіреген Гомес 4 санында көтерілді. 5-ші мен 6-шы раунд аралығында рефери Гоместы дәрігердің кеңесімен бұрышқа шақырып алды да, айқасты тоқтатты. Сөйтіп Котто техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Антонио Маргаритомен айқас. Алғашқы жеңіліс thumb|left|200px|Антонио Маргаритомен айқас Бұл Коттоның кәсіпқой рингтегі бірінші жеңілісі болды. Мигель Котто екінші нөмірмен жұмыс жасап, айқасты белсендірек бастаған. Ол Антонио Маргаритоға өзіне жақындауға мүмкіндік берген болатын. Мексикалық қарсыласының жойқын соққыларын жағымен қарсы алды. Оның үстіне, оның қалай құламағаны түсініксіз еді. Айқастың орта шенінен бастап пуэрторикалықтың шаршаңқырағаны, енді шабуыл әрекеттеріне бармайтыны белгілі бола бастады. Мексикалық керісінше күшін үнемдеп, Коттоны ринг бойымен қуалай соққылар жасады. 11-ші раундтың ортасында есеңгіреген Мигель Котто тізерлеп, рефери өз кезегінде нокдаун есепке алды. Котто түрегеліп, артқа шалқалақтап, қайта тізерледі. Жағдайдың қалай аяқталатыны белгілі болатын. Айқас аяқталмастан пуэрторикалықтың бұрышынан ақ орамал тасталды.
Майкл Дженнингспен айқас 2009 жылы ақпанда WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін айқаста Котто америкалық Майкл Дженнингсты нокаутқа түсірді. 2009 жылы 13 маусымда Котто WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу үшін аса қиын айқаста ганалық Джошуа Клоттиды қазылар шешімімен жеңді. Шешім даулы болды.
Мэнни Пакьяомен айқас Бірінші раунд тең дәрежеде өткенмен, екінші раундта Пакьяо басымдыққа ие бола бастады. Үшінші раундта Пакьяо Коттоны нокдаунға жіберді. Котто төртінші раундта екінші рет сұлап түсті. Мэнни Пакьяо бүкіл айқас бойы басымдығын танытты.http://ringtv.craveonline.com/news/338259-manny-paqio-i-feared-i-would-never-walk-again Он екінші раундтың басында филиппиндықтың көпсоққылы комбинациясынан соң рефери айқасты тоқтатып, техникалық нокаутпен «Пак мэн» жеңді деп шешім қабылдады.http://ringtv.craveonline.com/news/338259-manny-paqiao-i-feared-i-would-never-walk-again
Бірінші орта салмақтағы айқастар Юрий Форманмен айқас thumb|left|300px| Мигель Котто чемпион Юрий Форманға қарсы