Карл Бюлер (, 27 мамыр 1879, Мекесхайм, Баден-Вюртемберг, Баден — 24 қазан 1963, Лос-Анджелес) — неміс психологы және лингвист, жалпы тілтану, тілдер психологиясы және ойлау психология бойынша көптеген шығармалардың авторы.
1938 жылдары АҚШ-та тұрады. Венадағы психология, институтын құрушылардың бірі. Карл Бюлер - "Баланың рухани дамуы", "Психология дағдарысы", "Тіл теориясы" т.б. еңбекетердің авторы. Бірақ ол бала психикасының даму кезендерін инстинкт, дағды, парасат, сатыларына бөліп, әлеуметтік жағдайды ескермей, биологизмге ұрынды. Бюлер - жалпы психология, қабылдау, ойлау, сөйлеу психологиясы жайындағы зерттеулермен әйгілі. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том
Шығармалары Handbuch der Psychologie. — Jena, 1922. Ausdruckstheorie. — Jena, 1933. Sprachtheorie. Die Darstellungsfunktion der Sprache. — Jena, 1934.
Дереккөздер
Санат:Германия психологтары Санат:Аустрия психологтары Санат:АҚШ психологтары Санат:Германия тілтанушылары Санат:Аустрия лингвистері