Ляудұң шығанағы – Сары теңіздің Азия жағалауы мен Ляудұң түбегінің аралығындағы бөлігі.

Құрлыққа 220 км еніп жатыр. Ені 175 км. Тереңдігі 10-50 м. Қыста қалқыма мұздар кездеседі. Су деңгейі жарты тәулікте бір көтеріліп отырады. Жағасында Инкоу (ҚХР) порты орналасқан.

Санат:Қытай шығанақтары Санат:Сары теңіз шығанақтары