Баспақкөл (Қаратөбе) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қаратөбе ауылдық округі орталығы.

Халқы Тұрғыны 1756 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434049100.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Келінтөбе каналының жағалауында орналасқан.

Тарихы Ауыл 1964 – 96 жылдары күріш өсіретін «Келінтөбе» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде Қаратөбеде шаруа қожалықтары жұмыс істейді«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері