Қожамберді (1997 ж. — Коммунизм) — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Қожамберді ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде. Ең жақын станса Төменарық ауылында орналасқан.

Тарихы 1928 жылы «Қандыарал» колхозы болып құрылып, 1949 жылы Елтай колхозы мен Қандыарал колхозы қосылып, «Коммунизм» колхозы деп аталған. 1993 жылы ауыл сол өңірден шыққан Қожамберді батырдың есімімен аталды. 2004 жылы 13 желтоқсанда Төменарық ауылдық округінен бөлініп, Қожамберді ауылдық округі болып құрылды. Ауылдық округ төңірегінде Баршынкент, Көккесене тарихи орындары бар.

Халқы Тұрғыны 897 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434039400.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері