Сунақата — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Сунақата ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 38 км-дей жерде.

Тарихы Ауыл 1965-96 жылдары күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған. Ауылдық округ облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың біріккен шешімімен 1993 жылы ашылды. Елді мекен аумағында Ақорда мемлекетінің астанасы болған Сығанақ қалашығы мен мешіт медресе тарихи орындары бар.

Халқы Тұрғыны 1799 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434059100.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері