«Синяя Блуза» «Синяя Блуза» («көгілдір көйлектілер») – 1923–1930 жылдары бой көрсеткен совет театрының шағын түрі. Москваның журналистика ин-тында эстрадалық театр коллективі (оның аты сауыққа қатысушылардың көгілдір түсті көйлек киюімен байланысты шыққан) ретінде ұйымдасты. Бұл коллективті ұйымдастырушы, орындаушылардың бірі әрі авторы – Б. С. Южанин. «Синяя блузаның» программасы декларациядан, тақпақ өлеңдерден және физкультуралық билерден құралды. Ол қызыл бұрыштарда, клубтар мен цехтарда өнер көрсетті. Осы секілді ұйымдар Москвадан тыс қалаларда (15 коллективке жуық), сондай-ақ Қазақстанда да құрылды. Көптеген совет жазушылары, композиторлар, актерлер, режисерлер мен суретшілер (В. Е. Ардов, В. И. Лебедев-Кумач, М. И. Блантер, В. И. Тенин, С. И. Юткевич, Б.Р. Эрдман тағы басқалары) өз творчествасын осы «Синяя блузадан» бастады. "Синяя блузаның" әнұраны Олардың марштарының саны көп болса да, ең танымалы болғаны осы : (Авторлары: музыка Сигизмунд Абрамович КацМихаил САДОВСКИЙ // ЗИГА, текст ?)Шаламов В. Т. Воспоминания., М. : Олимп : Астрель : АСТ, 2001, стр.30-31:
«Мы синеблузники, мы профсоюзники — Нам всё известно обо всём, И вдоль по миру свою сатиру, Как факел огненный, несём.
Мы синеблузники, мы профсоюзники, Мы не баяны-соловьи — Мы только гайки в великой спайке Одной трудящейся семьи…»
Әдебиет Альбом «Синяя блуза СССР» , Мәскеу, 1928 Варлам Шаламов. «Воскрешение лиственницы». Глава «Борис Южанин» : Уварова Е. Д. (Отв. ред.)., Русская советская эстрада. Очерки истории. 1917—1929.,М., Искусство., 1976 Малые формы клубного зрелища. 1928—1930 Сушков М., Футболды театр , Спорт , 1981 Синяя блуза. Гала-представление, «Юность» журналы, 1967., № 11. С. 107—110 Лобова Н. и Пермяк Е., Театрлды газета, М. — Л., 1932. Мамадназарбекова К., Журнал ТЕАТР № 2, 2011 Волкова Е. В., Трагический парадокс Варлама Шаламова. М., Республика, 1998
Сілтемелер В.Усов. Агитациялық сөздер- Синяя блуза. Пятилетка. 1926 Энциклопедия «Кирилл және Мефодий» «Синяя блуза» «Синяя блуза» «Синяя блуза» Друзья звали его Зига , авторы Михаил Садовский, «Вестник», Мигдаль Times № 73-74, 21 швата 5769 / 15 ақпан 2009 Центральный еврейский ресурс Воспоминания Варлама Шаламова