Португал революциясы немесе көтерілісі () – Португалияда монархияны құлатып, республика құрған буржуазиялық революция. 1910 жылғы 5 қазанда республика жарияланып, Т. Браганың басшылығымен уақытша үкімет құрылды, шіркеу мемлекеттен бөлінді, дворяндық лауазымдар жойылды.
Сипаттама thumb|left|200px|Көтерілістен бір сәт, Лиссабон 1911 жылы 11 қыркүйекте күшіне енген жаңа конституция бойынша екі палаталы (депутаттар палатасы және сенат) парламент құру ұйғарылды. 21 жасқа толған ерлер ғана дауыс беретін болды. Бірақ үстем тап басқарған революция қалыптасқан аграрлық жүйені өзгертіп, елді шетел капиталының бұғауынан құтқара алмады. Қазақ совет энциклопедиясы, 9-том, 319-бет, Алматы, 1976 ж. Ефимов Н. В. Революция 1910 г. в Португалии // Новая и новейшая история — 1976 — № 4
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Португальская революция 1910 г. Основные даты и события.
Санат:Португалия тарихы Санат:Көтерілістер Санат:1910 жыл