__NOTOC__

Кантабрлар () — 11 тайпадан тұратын тайпалар одағыKruta 2000 перечисляет следующие (в латинской транслитерации): Avarigines, Blendii (или Plentusii), Camarici, Concani, Coniaci, Moroecani, Noegi, Orgenomesci, Salaeni, Vadinienses и Velliques.. Олар Испанияның солтүстік жағалауын, қазіргі Кантабрия провинциясын мекендеген.

Страбонның айтуынша кантабрлар бұрын лузитандар деп аталған, яғни үнді-еуропалық халық болған, бірақ Юлий Цезарь оларды жергілкті халықтар деп есептегенStrabo, Geography, Book III, Chapter 4.

Кантабрлар еркін, бағынбайтын тау адамдары болып танылған. Олар ұзақ уақыт бойы римдіктер шабуылына тойтарыс берген. Рим республикасының кантабрларға алғашқы шабуылы б.з.д. 150 жылы болып өткен. Өзінің «Галл соғысы туралы жазбаларында» (iii.26) Цезарь , Красстың қалай «туыстас» кантабрлар мен аквитандардың біріккен күшін талқандағанын айта келіп, кантабрлардың кельтиберлерге жататынына күмән келтіпген. «Кантабры» — лигурларша «тау адамдары» деген мағынаны білдіреді. Кантабр тайпаларының атаулары мен салт-дәстүрлері көрші кельтибер тайпаларынан ерекшеленген.

Кантабрларды тек Агриппа мен Октавиан Август қана өздері кампанияға қатыса отырып жеңген. Бұл тарихта Кантабрлар соғысы (б.з.д 29-19 жылдар)деген атаумен еніп, одан кейін кантабрлар мен оларға одақтас астурлар толықтай талқанданған Светоний, Август, 21. Тиберий получил первый военный опыт в войне против кантабров в 25 г. до н. э. в должности солдатского трибунаСветоний, Тиберий, 9.

Бұдан кейін кантабрлар жері Тарракондық Испания провинйиясының құрамына енген. Кантабрлар және олардың батыс көршілері астурлар римдіктердің көмекші әскерлері (auxilia) құрамына жалданған.

Кантабрларда романизация қатты жүрмеді, бұл құбылыс тек арабтардың шапқыншылығы кезінде ғана толық аяқталды.

Дереккөздер

Санат:Кельт тайпалары Санат:Ежелгі Испания тайпалары Санат:Иберия кельттері Санат:Жойылып кеткен халықтар