Қарақұс – Семейтау тауларының орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан. Ертіс аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 606 м. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай доғаша иілген. Ұзындығы 7-8 км-ге созылып жатыр, енді жері 3-4 км шамасында. Беткейі тіктеу, бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Батысынан Қарасу өзені бастау алады.

Геологиялық құрылымы Жоғарғы пермь және төменгі триастың гранит, гранодиоритті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Аласа таудың ашық қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, жусан, бұта, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары