Сағды Хасан ұлы Сираждинов (10 мамыр 1921 жыл, Қоқан, Өзбекістан - 1988) — өзбек совет математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1953), профессор (1956), Өзбекістан КСР ғылым академиясының академигі (1966; 1956 жылдан корреспондент мүшесі). Өзбекістан КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1970).

Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетін 1942 жылы бітірген. 1944-1945 жылдары Өзбекістан КСР ғылым академиясының Математика және механикалық институтының аға ғылыми қызметкері, ал 1952–1954 жылдарының сонында бөлім меңгерушісі болды. 1954–1956 жылдары Москва мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, 1956–1962 жылдары Өзбекістан КСР ғылым академиясының Математика институтының директоры, 1966–1970 жылдары Ташкент мемлекеттік университетінің ректоры болды. 1970 жылдан Өзбекістан КСР ғылым академиясының вице-президенті болып сайланды.

Еңбектері Оның негізгі ғылми еңбектері көп өлшемді ортогнальды полиномдар теориясына, қосылғыштарының саны өсіп отыратын аддитивті есептерге, бақылаудың статистикалық тәсілдеріне, Орта Азия математикасының тарихына және тағы басқа тақырыптарға арналған. Сираждинов 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы болып келеді.

Марапаттары Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені, Қазан Революциясы ордендерімен марапатталған болатын.Қазақ совет энциклопедиясы / М.Қ.Қаратаев"Тұңғыштар"/ 2007 жыл Алматыкітап ЖШС/ Ш. Күмісбаев

Дереккөздер

Санат:1921 жылы туғандар Санат:КСРО ғалымдары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:1988 жылы қайтыс болғандар