Арқалық – Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Мойынты және Аймаш өзендері аралығында 20 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері — 1091 м. Беткейлері тегіс, жайдақ бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Шала дамыған коңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бұталар өседі.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары