Петр Иванович Рыбаков - қазақстандық зоотехник, ауыл шаруашылық ғылым кандидаты. 1944 жылдан КОКП мүшесі. Петр Вологда сүт шарушылығы институтын бітірген. 1936 жылдан Алматы мемлекет тұқым мал рассаднигінде селекуионер-зоотезник, аға зоотехник, директор. 1942 ж. АЛматы облысы жер бөлімінде зоотехник, басқарма батығының орынбасары, ауыл шаруашылық тресінің директоры, Ауыл шаруашылық басақармасының бастығы, 1958-65 ж. Алматы облысы атқару комитеті председателінің орынбасары, Қаз.КСР. ауыл шауашылық өнімдерін өндіру және дайындау министрінің орынбасары, 1965-70 ж. Қаз.КСР. Министрлігі Советінің қызметкері. 1970 жылдан Алматы зоотехника-мал дәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі. Алатау сиырын шығарудағы селекциялық жұмысқа белсене қатысқаны үшін оған КСРО мемлекет сыйлығының лауреаты атағы берілді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары