Ақермен — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Ақермен ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 32 км-дей жерде, Аспара өзенінің оң жағалауында, қылқан боз басым астық тұқымдасты шөптесін өскен қызыл қоңыр, сортаңдау қоңыр топырақты тау алдының қоңыржай ылғалды жазығында орналасқан.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Тарихы Іргесі 1930 жылы "Овцевод" кеңшары ретінде қаланды. Ақермен - тарихи атау. Ақермен ауылында "Меркі асыл тұқымды мал зауыты" орналасқан. Бұл өңірде Ақермен шөбі мол болғандықтан, ауыл осылай аталған.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1064 1067 100,3 554 567 102,3 510 500 98
Инфрақұрылымы Ауылда мәдениет үйі, орта мектеп, фельдшерлік пункт, байланыс бөлімшесі, кітапхана бар.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Меркі ауданы елді мекендері