Мауро Скоччимарро (Scoccimarro)- итальян жұмысшы қозғалысының қайраткері. 1895 жылы 30-шы қазанда Удинеде дүниеге келген, 1972 жылы қаңтардың 2-сінде Римде қайтыс болған. Өмірбаяны: 1921 жылы Итальян коммунистік партиясын (ИКП) құруға қатысты. 1923 жылы ИКП Секретариатына мүше болып сайланды. 1926–1943 жылдары түрмеде және айдауда өткізуге мәжбүр болады. 1943–1945 жылдары неміс фашистеріне қарсы партизан қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ал 1945–1947 жылдарының арасында финанс министрі болып сайланып, жұмыс істейді. 1948–1963 жылдары сенат председателінің орынбасары болып қызметін атқарады. 1956–1969 жылдары ИКП Орталық бақылау комиссиясының председателі, ал1956 жылдан ИКП басшылығының мүшесінің қызметін атқаратын болды. Қазақ совет энциклопедиясы / М.Қ.Қаратаев "Тұңғыштар"/ 2007 жыл Алматыкітап ЖШС/ Ш. Күмісбаев