Тревор Майкл Вентворт (ағыл. Trevor Michael Wentworth) – Our Last Night тобының вокалисті. 1993 жылдың 16 маусымында АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатына қарасты Хилсборо округінің Холлис қаласында дүниеге келген.

Our Last Night Our Last Night тобына 11 жасында қосылды. Оны осы топтың лейблдері мен атақтылығы қызықтырды. Оның ағасы Мэтт Вентворт та осы топтың мүшесі болып есептеледі. Ол: гитарист және вокалист.

2007 жылдың сәуірінде Our Last Night тобы Epitaph Records –пен келісім шартқа отырып, 2008 жылдың 4- наурызында өздерінің ең алғашқы альбомын шығарады. Олардың өздерінің мини- "A Summer Of Covers" (2013) және "Oak Island" (2013) альбомдары арқылы атақтары арта түсті.

Дискография

Студиялық альбомдары • Building Cities from Scratch (2005)

• The Ghosts Among Us (2008)

• We Will All Evolve (2010)

• Age of Ignorance (2012)

Мини-альбомдары • We've Been Holding Back (2004)

• A Summer Of Covers (2013)

• Oak Island (2013)

• Oak Island, Part II (acoustic) (2014)

Жинақтар • New Noise (2010)

Концерттік турлар

Ресейдегі концерттері • Новосибирск

• Омбы

• Екатеринбург

• Москва

• Самара

• Санкт-Петербург

• Белоруссиядағы концерттері

• Минск

Жеке өмірі Кристал Ланьемен кездеседі. Олардың 4 тамызда 2013 жыл туған Ной есімді ұлдары бар.

Тревор Вентворт әлеуметтік желілерде • Twitter

• Facebook

• Instagram

Дереккөздер