Сергей Сказкин Данилович – совет тарихшысы. Ол 1890 жылы 7-ші қазанда Новочеркасское ауылында дүниеге келген, 1973 жылы 14-ші сәуірде Мәскеуде қайтыс болды.

Жастық кезі Сергей Сказкин 1958 жылы ғылым академиясының академигі атағын алды. 1947 жылы КСРО Педагокиалық ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағын Сергей Сказкин 1970 жылы алған болатын. Ол 1915 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін (ол МГУ деп те аталады) бітірді. 1949 жылдан университетте орта ғасырлар тарихы кафедрасының, 1962 жылдан КСРО ҒА Тарих институтының орта ғасырлар тарихы секторының меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Еңбектері Негізгі еңбектері Батыс Еуропадағы шаруашылық қатынастар және қайта өркендеу дәуірі туралы болатын.* Қазақ совет энциклопедиясы-6 том / М.Қ.Қаратаев Ол орта ғасырлар тарихы жөнінде жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың авторы және редакторы болып келген.

Марапаттары Сергей Сказкин 2 рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және басқа түрлі медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:КСРО тұлғалары Санат:Социалистік еңбек ерлері