Уильям ОккамҚазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік" (ағылш. William of Ockham; 1285 жыл – 10 сәуір 1349 жыл шамасында) — орта ғасырдағы ағылшын теологы және философ-схоласы, номинализмнің ең ірі өкілі. Оксфорд университетінде сабақ берген, дінсіз деп айыпталып, түрмеден Баварияға қашып барады. Шіркеудің дүнжүз. үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы. Дунс Скотпен қатар томизмге қарсы схоластикалық оппозиция жетекшілерінің бірі. Оккамның айтуы бойынша Құдайдың бар екендігі т. б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал филос. теологиядан азат болуы тиіс (Екіұдай ақиқат).

Дереккөздер

Санат:Латын философтары Санат:Оксфорд университеті түлектері Санат:Ортағасыр ғалымдары Санат:Ұлыбритания философтары