Сафоновка — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Сафон ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 34 км жерде Еділ өзенінің Бозан тармағы жағалауында орналасқан.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1734 адам (848 ер адам және 886 әйел адам) болса, 2009 жылы 1771 адамды (881 ер адам және 890 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1774 адамды (913 ер адам және 861 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Қадыр Мырза Әли атындағы орта мектеп — 2010 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілген. «Боташым» бөбекжай-балабақшасы Сафон ауылдық мәдениет үйі

Елді мекендегі көшелер Абай Құнанбаев көшесі Азаттық көшесі Александр Афанасьев көшесі Әбу Сәрсенбаев көшесі Әйтеке би көшесі Балықшы көшесі Бейбітшілік көшесі Достық көшесі Жамбыл Жабаев көшесі Жеңіс көшесі Затон көшесі Қаныш Сәтбаев көшесі Мәншүк Мәметова көшесі Орманды көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері