Брайана — Чаморро шарты — 1914 жылы АҚШ-тың Никарагуаға зорлықпен қабылдатқан әділетсіз шарты. 5 тамызда Вашингтонда қол қойылды. Шарт бойынша АҚШ Никарагуа жерінде мұхит аралық канал салып, оны пайдалануға мәңгілік мүмкіндік алды, Кариб теңізіндегі Грейт-Корн, Литл-Корн аралдарын 99 жыл пайдаланып, Фонсек бұғазында соғыс-теңіз базасын салатын болды, ол үшін АҚШ Никарагуаға 3 млн. доллар төлейтін болды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж., 9-том

Дереккөздер

Санат:Халықаралық шарттар Санат:Никарагуа тарихы Санат:Никарагуа халықаралық келісімдері Санат:АҚШ-тың халықаралық келісімдері