thumb|right|200px|Тимофей Осиповский Тимофей Федорович Осиповский (2 ақпан 1766 жыл — 24 маусым 1832 жыл) — орыс математигі, философ-рационалисті. Михаил Васильевич Остроградскийдің ұстазы.

Канттың геометрия ақиқаттарының априорлық тегі туралы пайымдауын сынады. Тұтас алғанда Осиповский көзқарастары метафизикалық механикалық материализм шеңберінен шықпады. Ол Рене Декарттың идеяларының ықпалын басынан кешірді, мұның өзі математиканың методол. ролін әсірелеуден, талғампаздық әдісінің танымдық маңызын асыра бағалаудан көрінді. Осиповский мистикаға қарсы күресті, ағарту мен ғылымның ролін жоғары бағалады, ал дінге көзқарасында ол деизм позициясында қала берді.

Негізгі шығармашылықтары: "Кеңістік пен уақыт туралы" (1807); "Канттың динамикалық жүйесі туралы пайымдаулар" (1813)Философиялық сөздік / Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М.Әбдільдин,т.б.- Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 1996.- 526.

Дереккөздер

Санат:1766 жылы туғандар Санат:1832 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей математиктері Санат:Ресей философтары