«Ислам мемлекеті» (ИМ; ‎ [ʔadˈdawla(tu) (ʔa)lʔislaːˈmiːjja(tu)], транскрипция әд-Дәулә әл-Исламия), немесе Ирак және Шам Ислам мемлекеті (ИШИМ/ДАИШ) (داعش) — халықаралықIslamic State in Iraq and the Levant (ISIL). // Encyclopaedia Britannica, 2015-04-21 радикалды исламисттік сүнниттікBy George Friedman. The Middle Eastern Balance of Power Matures. // Stratfor, 31.03.2015 A battle rages in Tikrit with the Sunni Islamic State and its allies on one side, and a complex combination of the Shiite-dominated Iraqi army, Shiite militias, Sunni Arab tribal groups and Sunni Kurdish forces on the other.Simon Henderson. Coup in Yemen: Saudi Arabia’s Nightmare. // , 20.01.2015

For Saudi Arabia, the events in Sana mean Riyadh must increasingly cope with two fronts: Sunni ISIS forces to the north, and Shiite Houthi forces — in Saudi terms, Iranian proxies — to the south.Iraq, Syria Need to Defeat Islamic State — US Defense Secretary. // sputniknews.com, 30.03.2015

The Islamic State is a Sunni extremist group that has taken over large portions of Syria and Iraq, and declared a caliphate on the territories under its control. экстремистік лаңкестік ұйым. 2013—2019 жылдары әлем елдері мойындамаған мемлекет ретінде Сирия мен Ирактың бірқатар аудандарын өз бақылауында ұстады.

«Ислам мемлекетінің» тарихы 2003 жылы АҚШ Саддам Хусейн басқарған Иракқа соғыс ашқан кезден бастау алады. 1990 жылдардан бастап Әл-Қағидамен (Аль-Каида) байланысы бар «Таухид және жиһад» жамағатының жетекшісі Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң әйгілі лаңкес Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Қағиданың Ирактағы бөлімшесін құрды. 2006 жылы әз-Зарқауи қаза тапқаннан кейін оның жақтастары бірқатар экстремистік топтармен бірігіп «Ирак Ислам мемлекетін» құрды. 2009 жылға қарай толығымен дерлік жойылған бұл топ 2010 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдади басшы болып тағайындалғаннан кейін қалпына келе бастады.

2013 жылы әл-Бағдади Ирак пен Сирия аумағында «Ирак және Шам Ислам мемлекеті» құрылғанын жариялады. Әл-Қағида мен оның Сириядағы бөлімшесі — «Ән-Нұсра майданы» бұл әрекетті мақұлдаған жоқ. Екі топ арасындағы келіспеушілік ақыр соңында бұрынғы одақтастар арасындағы қақтығысқа әкелді.

2014 жылдың маусым айында Ирактың ірі қаласы Мосулды басып алған ИМ өзін «халифат» деп жариялап, топтың көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді «халифа» етіп сайлады. Бір кездері ИМ-нің қол астындағы Сирия мен Ирак мемлекеттерінің аймақтарында бірнеше миллион адам өмір сүрді. Бұдан басқа Ислам мемлекетіне Ливия, Нигерия, Ауғанстан және т. б. мемлекеттердегі шағын аудандар (уәлаяттар) бағынышты еді.

«Ислам мемлекеті» күшейіп тұрған кездері әлемдегі ең бай қарулы топқа айналды. Нағыз мемлекетке ұқсап баққан ИМ «Ислам динары» деп аталатын өз ақшасын да шығарды. Қаржының басты көзі — шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің саудасы болды. Оған қоса ИМ адам ұрлау, банктерді тонау, бопсалау, салық жинау және құнды жәдігерлерді сату арқылы да біраз ақша тапты. ИМ әскерінің қатарында ондаған мың жауынгер соғысып, олардың арасында тек араб мемлекеттерінің тұрғындары ғана емес, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия құрлықтарының бірқатар елінен келген сарбаздар болды. ИМ-нің содырлары заманауи қару-жарақты, оның ішінде танкілер мен құрышты техниканы да қолданды.

«Ислам мемлекетіне» тойтарыс беру үшін құрылған халықаралық коалицияның құрамына әлемнің көптеген мемлекеттері қосылды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне кіретін бес мемлекеттің төртеуі (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция) ИМ-ге қарсы соғыс жариялады. Сонымен қатар «Ислам мемлекетіне» бірқатар мемлекеттік емес ұйымдар қарсы шықты. Одақтастардың күші басым болғанымен, олардың арасында түсініспеушілік пен араздық орнап, «Ислам мемлекеті» төндірген қауіпті біраз уақытқа дейін ауыздықтау мүмкін болмады.

Әлемнің көптеген елі «Ислам мемлекетін» лаңкестік ұйым ретінде мойындап, оған тыйым салды. 2015 жылдың 15 қазанында бұл мемлекеттердің қатарына Қазақстан да қосылды. БҰҰ-ның шешіміне сәйкес, ИМ-ге көмек көрсеткен тұлғалар санкция тізіміне енгізілетін болды.

2015 жылдан бастап «Ислам мемлекеті» қол астындағы көптеген аймақтардан айырыла бастады. Сирия және Ирак әскерилері Тикрит, Байджи, Синжар, Эр-Рамади, Эль-Фаллуджа, Мосул, Раққа (ұйымның штаб-пәтері), Дейр-әз-Заур секілді ірі елді мекендерді өз бақылауына қайтарды. 2017 жылдың қарашасында «Ислам мемлекетінің» Ирактағы соңғы қаласы — Рауаны ирактық әскерилер басып алды. 2019 жылдың наурыз айында Сирия аумағындағы ИМ-нің соңғы бекінісі — Бағуз Фауқани елді мекені АҚШ қолдаған «Сирия демократиялық күштерінің» қолына өтті. Сол жылдың қазан айында Сирияның Идлиб облысында АҚШ қарулы күштері ізіне түскен «халифа» Әбу Бәкір әл-Бағдади қаза тапты. Иран, Ирак, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ елдерінің ресми өкілдері «Ислам мемлекетінің» жеңіліс тапқанын жариялады. Бұған қарамастан көп уақыт өтпей ИМ жаңа «халифа» қылып Әбу Ибраһим әл-Һашими әл-Құрашиды тағайындады.

Атауы және рәміздері Атауы Ешбір қосымшасыз «Ислам мемлекеті» атауы 2014 жылдың маусым айынан бастап қолданыла бастады. Оның алдында бұл ұйым «Ирак Ислам мемлекеті» (қазан 2006 – сәуір 2013; , қысқаша: ИИМ), «Ирак және Шам Ислам мемлекеті» (сәуір 2013 — маусым 2014; , қысқаша: ИШИМ) деп аталып келді. ИШИМ атауының басқа нұсқалары: «Ирак және Левант Ислам мемлекеті» (қысқаша: ИЛИМ) немесе «Ирак және Сирия Ислам мемлекеті» (қысқаша: ИСИМ). Кейбір қазақ тілді басылымдар орысша «Исламское государство Ирака и Леванта» атауына еліктеп, бұл ұйымды «Ирак және Леванта Ислам мемлекеті» деп атап жүр (Левант сөзінің соңында «а» әрпі жоқ). Бірқатар саясаткерлер Ислам мемлекетін «Ислам» және «мемлекет» сөздерімен атауға қарсы шықты. БҰҰ-ның бас хатшысы (2007–2016) Пан Ги Мун бұл ұйымды («Ислами емес мемлекет емес») деп атауға шақырды.

нобай|Шам аймағы. Ұйым атауын басқа тілдерге аударғанда «Шам» () сөзінің мағынасын жеткізу қиынға түсті. «Шам» сөзін «Левант», «Үлкен Сирия», «Сирия» немесе «Дамаск» деп те аударуға болады. Мысалға қазақ тілінде «Шам шаһары» деп Дамаск қаласын атайды. «Шам» деп Араб халифатының заманында Жерорта теңізі мен Евфраттың, Кіші Азия мен Мысырдың арасындағы аймақты атаған. Термин XX ғасырдың екінші жартысында Ұлыбритания мен Франция бұл аймақта жаңа шекаралар сызып, ұлттық мемлекеттер пайда болғанға дейін қолданылып келді.

Кейбір қазақ тілді басылымдарда «Ислам мемлекетін» атау үшін орыс тілінен енген ИГИЛ () және ИГИШ () аббревиатуралары қолданылады. Соңғы кездері Ислам мемлекетін атау үшін оның бұрынғы атауының арабша нұсқасындағы бірінші әріптерінен құралған ДАИШ (әд-Дәулә әл-Исламия фи-л-Ирақ уәш-ШамБұл жерде ұйымның қысқаша атауы ДИИШ емес ДАИШ болуының себебі араб тілінде Исламия сөзінің бірінші әрпі әлиф жеке тұрғанда «а» болып оқылады — , ) акронимі қолданыла бастады. ДАИШ аббревиатурасы негізінен арабтардың арасында кең таралған болатын, артынан оны Франция үкіметі ИМ ұйымын атау үшін ресми түрде бекітті. Ұлыбритания мен АҚШ мемлекеттерінің билік басындағылары да өз сөздерінде ДАИШ акронимін қолдана бастады. Бұның себебі — ДАИШ сөзінің жазылуы мен айтылуы араб тіліндегі «жаншып тастаушы» мағынасын беретін да’ис () және даһис () сөздеріне өте ұқсас. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы (2010–2015 жылдары) Нұртай Әбіқаев арнайы қызмет өкілдері ДАИШ атауын қолданып жүргенін айтып, «Ислам мемлекеті» атауын қолдамайтынын жеткізді.

Негізінен «Ислам мемлекеті» деп Ислам дінін өзінің саяси институттарының идеологиялық негізі ретінде қабылдаған мемлекетті атайды. Әдетте бұл Исламның осы мемлекеттің ресми діні екенін және шариғаттың заң шығарудың бірден-бір қайнары екенін білдіреді. Шынайы «Ислам мемлекетінің» адам қолынан шыққан заңмен жүруі мүмкін емес, тек қана шариғатқа сәйкес басқарылады. Бұл адамдардың жоғары билігін (суверенитет) жариялаған Батыстың зайырлы демократиясына қарама-қайшы түсінік. Қазіргі таңда халқының көп бөлігін мұсылмандар құрайтын 46 мемлекеттің тек 10 ғана конституцияларында өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған, ал олардың ішінде Құдайдың жоғары билігін бекіткен тек екі мемлекет бар — Иран және Пәкістан. нобай|ИМ байрағының суреті, Сен-Ромен-О-Мон-д’Ор, Франция.

Байрағы Ислам мемлекетінің қазіргі байрағы 2007 жылдың қаңтар айында жарияланды, оның алдында бұл ұйымның ресми байрағы болған жоқ. Мұхаммед пайғамбардың заманында таралған бірнеше байрақтың ең кең таралғаны қара түстісі екенін алға тартқан ИМ осы түсті таңдаған. Қара түсті байрақтың үстіңгі бөлігінде ақ түспен жазылған , яғни «Аллаһтан басқа тәңір жоқ» сөздері орналасқан. Оның астында ақ түсті шеңбердің ішіне қара түспен , яғни «Мұхаммед Аллаһтың елшісі» сөздері жазылған. Бұл сөздер қолмен ұқыпсыз жазылған сияқты көрінгенімен, негізінде компьютермен жасалған.

Тарихы

Алғышарттары Ислам мемлекеті туралы пікір таластырғандардың көбісі бұл ұйымның дүниеге келуіне 2003 жылы Иракқа басып кірген АҚШ бастаған коалицияның жіберген қателері себеп болды деп тұжырымдайды. Бірақ бұл елдегі әскери жиһадшылар ұйымының негізі көп жыл бұрын, Саддам Хусейн Иракты басқарып тұрған кезде қаланды деп айтуға болады. 1968 жылы билікті басып алған араб ұлтшылдарының «Баас» партиясы зайырлы идеологияны берік ұстанды, бірақ 1980 жылы Саддам Хусейн Иранға қарсы соғысты бастағаннан кейін бұл жағдай өзгеріске ұшырады. Иранға қарсы соғыс жиһад деп атала бастады.

Елдің ішкі «исламдануы» 1989 жылы «Баас» партиясының негізін салған Мишел Әфләқ қайтыс болғаннан кейін үдей түсті. Саддам Хусейн «Әфләқ Ислам дінін қабылдады» деп жариялады (тірі кезінде христиан дінін ұстанған Әфләқ исламданудың қарсыласы болған еді). Исламдану науқаны 1991 жылы Ирак Кувейтте жеңіліс тапқаннан кейін және оның артынан ұласқан шииттердің көтерілісінен кейін жандана түсті. Ирак үкіметі шариғат заңдарын енгізді: ұрлық жасағандардың қолдары шабылды, гомосексуалдар үй төбелерінен лақтырылды, жезөкшелердің бастары шабылды. Діни науқанның салдарынан үкімет пен елдегі шииттердің арасындағы қарым-қатынас нашарлап кетті, дінаралық шиеленіс пайда болды. Мешіттерге енгізілген Ирак әскери барлау қызметі өкілдерінің көбісі сәләфилікті ұстана бастады. Баасизмнен бас тартқан бұлар Ирактағы соғыс кезінде кейінірек «Ислам мемлекеті» ұйымына айналған Әл-Қағиданың осы елдегі бөлімшесіне қосылды. 2008—2010 жылдары Ирактағы Әл-Қағида жетекшілерінің көбісі қаза тапқанда бұрын барлау қызметінде офицер болып қызмет еткен топ мүшелері ғана бастарын аман сақтап қалды. Қажы Бәкір (шын есімі: Самир әл-Хлифауи) басқарған бұрынғы офицерлер «Ислам мемлекетінің» Сириядағы басқыншылығын жоспарлап, жиһадшылардың 2014 жылы Иракқа басып кіруіне ыңғайлы алаң дайындады.

Негізінің қалануы нобай|175px|«Бұл сенің болашағың, Зарқауи!» — карикатура. «Ислам мемлекетінің» негізін салған Әбу Мұсғаб әз-Зарқауидің (шын есімі: Ахмед Фазыл ән-Наззал әл-Халаила, 1966—2006) Әл-Қағида ұйымымен байланысы 1990 жылдары басталды, бірақ «жақын жауды» қойып, «алыс жауға» (Батыс өркениеті) көңіл бөлу тактикасын құптамаған ол, ұйым мүшелерінің қатарына кірген жоқ. 1994—1999 жылдары әз-Зарқауи Иорданияда оған жиһади ілімін үйреткен Әбу Мұхаммед әл-Мақдисимен бірге түрмеде отырды. 1999 жылы ол Ауғанстанға лаңкестер лагерін ұйымдастыру үшін аттанып, Усама бен Ладенмен кездесті. 2001 жылы тәліптердің билігі құлағанда ол Иракқа қашуға мәжбүр болды. 2002 жылдың маусымында әз-Зарқауи Ирактың солтүстігінде «Жамағат әт-таухид уәл-жиһад» («Таухид және жиһад жамағаты») деп аталатын ұйымды құрды.

ИМ-нің тарихы 2003 жылы басталған Ирак соғысынан бастау алады. Америка Құрама Штаттары Иракқа әскерін енгізгеннен кейін бір жыл өткен соң атақты иорданиялық содыр Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Қағиданың осы елдегі бөлімшесін құрды («Ирактағы Әл-Қағида» немесе «Қағида әл-жиһад фи билад әр-рафидәйн» — «Месопотамиядағы жиһад негізі»). «Ирактағы Әл-Қағида» (ИӘҚ) шетелдік әскерлерге қарсылық көрсеткен негізгі күшке айналды.