Беса Милитан Рибейру - Португалия мен Бразилиядағы жұмысшы қозғалысының қайраткері.

Жас кезінде Бразилияға қоныс аударып, сонда компартияға кірді. Португалияға қайта оралған соң, Португал коммунистік партиясының жұмысына белсене қатысты. 1936 ж. тұтқындалып, 1940 жылға дейін Таррафал тұтқын лагерінде болды. 1940-1941 ж. ПКП-ні қайта құруға қатысты, ПКП ОК-нің секретары болды. 1940 жылдары Португалияда жұмысшы қозғалысы өріс алған кезде А.Куньялмен бірге ПКП-нің жұмысына басшылық етті. 1943-1945 ж. тағы да Таррафал лагерінде тұтқында отырды. 1949 ж. 3-ші рет тұтқындалды. Лисабон түрмесінде қайтыс болды.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:Португалия тұлғалары