Франьо Рачки - хорват тарихшысы және саяси қайраткері. Еңбек жолы Вена университетін бітірді. 1852 жылдан священник болды. 1861 жылдан Либералдық халық партиясы, 1880 жылдан Тәуелсіз халық партиясы басшыларының бірі. Загребте Оңтүстік славян ғылым және өнер академиясын ұйымдастырушы әрі оның президенті. Франьо еңбектері негізінен 9-11 ғасырлардағы хорват мемлекетінің құрылуына, 11-15 ғасырларда оңтүстік слвяндарының тәуелсіздік жолындағы күресіне хорват мемлкеттік құқықтарының тарихына, орыс әдебиетінің тарихына және тарихнама мәселеріне арналған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том
Дереккөздер
Санат:Хорватия тұлғалары