Альфонс Мари Луи де Ламартин (1790 жыл 21 қазан, Макон - 1869 жыл 28 ақпан, Париж) - француз жазушысы, саяси қайраткер, тарихшы, Француз академиясының мүшесі (1829). Өмірі «Ақындық толғаныстар» (1820), «Жаңа ақындық толғаныстар» (1823) атты романтикалық лирикамен жазылған жинақтарында монархиялық құрылысты жақтады. Революцияға және материалистік көзқарасқа қарсы «Жоселен» (1836), «Періштенің құлауы» (1838) атты поэмалар жазды.
1840 жылдардан бастап ол монархияшылдық бағытынан қайтып, либералдық буржуазияны қолдауға көшті. 1848 жылы революция кезінде үкімет құрамына кіріп, реакциялық бағыттың жаршысы болды.
«Жирондистер тарихы» (1847) атты тарихи зерттеу еңбегі бар. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:21 ақпанда туғандар Санат:1790 жылы туғандар Санат:Францияда туғандар Санат:28 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1869 жылы қайтыс болғандар Санат:Парижде қайтыс болғандар Санат:Франция жазушылары Санат:Франция тарихшылары