Марина Алексеевна Ладынина (1908 жыл 24 маусым - 2003 жыл 10 наурыз) - орыс актрисасы, КСРО Халық әртісі (1950). Өмірі 1933 жылы ГИТИС-ті бітірді. 1933-1935 жылдары Мәскеудің М.Горький атындағы Көркем академиялық театр құрамында ойнады. 1935 жылы тұңғыш рет Қазақстандағы коллективтендіру кезеңін бейнелейтін «Жаулар соқпағы» атты фильмде Линканың рөлін орындады. Алғашқыда драммалық, кейінннен лирикалық және комедиялық рөлдерде ойнаумен ерекше көзге түсті. Рөлдері: Маринка («Бай қалыңдықта», 1938), Марьяна Бажан («Тракторшылар», 1939), Наташа («Райком хатшысы», 1942), Пересветова («Кубань казактары», 1950) т.б. 1973 жылы Алматыда өткен Бүкіл одақтық 6-кинофестивальға қатысты. Марапаттары КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1941, 1942, 1946, 1948, 1951). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том

Дереккөздер

Санат:Актрисалар Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1908 жылы туғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО мемлекет сыйлығының лауреаттары