Өт пигменттері — өттің аз мөлшерде қан мен ұлпаның құрамында болатын бояғыш заттар. Өт пигменттері көк бауыр мен бауырда гемоглобин ыдырағанда пайда болады.
Адам мен жануарлар өтінде 2 түрлі пигмент жасыл — биливердин, қызыл-сары — билирубин болады.
Қалыпты жағдайда адам организмінде тәулігіне 280 мг өт пигменттері пайда болады. Адам қанына - 0,25·10^-3% - тен, 1,2·10^-3% - ке дейін билирубин болады, оның 3/4 - ке жуығы бос күйнде кездеседі. Бауырдан ішекке өтетін өт пигменттерін ішек бактериялары тотықсыздандырады, организмнен стеркобилиноген түрінде бөлініп шығады (тәулігіне 40- 280 мг). Тотықсыздынған билирубиннің бір бөлігі ішек арқылы қанға , онан бауырға өтіп, өтпен бірге қайта бөлінеді. Өт пигменттерінің қышқылдық қасиеті болады, металдармен тұз түзеді. Қанда, зәрде өт пигменттері мөлшерінің көбеюіне қарай сары аурудың түрлері анықталады. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том,78 бет
Дереккөздер
Санат:Биомолекулалар