Саламалейкум () - Қияқөлеңдер тұқымдасының () көпжылдық шөптес өсімдігі.

Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 15-50 см, көп жылдық өсімдік, топырақ асты өркені тамыр түйнек тәрізді жуан.

Сабағы дара, үш қырлы, түп жағы шоғыр жапырақты. Жапырағы ұзынша, беті тегіс, сабағынан екі есе қысқа, ені 2,5 мм.

Гүл шоғы шатырша тәрізді, маусым-қыркүйекте гүлдейді. Жаңғақшасы үш қырлы сұрғылт-қоңыр, ұзындығы 1,5 мм.

Таралуы Саламалейкум Жерорта теңізі аймағында, Кіші Азия, Африка,Үндістан, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Кавказ, Орта Азия, Қазақстанда (Қызылорда облысы, Түркістан маңында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда) таралған. Құмда, өзен бойында, мақта, күріш, егістігінде өседіҚазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 621 бет.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Қияқөлеңдер Санат:Дәрілік өсімдіктер Санат:Еуразия флорасы Санат:Африка флорасы Санат:Солтүстік Америка флорасы Санат:Аустралия флорасы Санат:Оңтүстік Америка флорасы