Хакімжан Сәркеұлы Саркин (1870, Қостанай уезі, Үй болысы, 3-ауыл - 1927) - Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысушы. Өмірі мен қызметі 1918 жылдан Компартия мүшесі. Орынбор діни семинариясын (1890), Қазан діни академиясын (1898) бітірген. Қазан революциясына дейін журналистикамен шұғылданып, прогресшіл газеттерде істеді. 1918 ж. Қазанда РК (б) П Қостанай укомында Шығыс халықтары секциясының төрағасы 1919 жылы 19 тамызда Қостанай укомы Колчактардан азат етілген соң Қостанай укомы бойынша ревкомның соғыс комиссары Ә.Жанкелдиннің орынбасары, революцияция сғыс кеңесінің мүшесі, уездік партия комитетінің соғыс бюросының мүшесі. Соңғы жылдары Қостанай губерниясында әртүрлі партия, совет қызметтерінде болды. Ол - Қазақстан Кеңестерінің 1-құрылтай сьезінің делегаты.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 32 бет
Дереккөздер
Санат:1870 жылы туғандар Санат:Үй болысында туғандар Санат:1927 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан революционерлері Санат:Орынбор діни семинариясы түлектері Санат:Қазан діни академиясы түлектері