Хафиз Ибраһим — Египет жазушысы және журналисі. Механик отбасында туылған.

Қызмет жолы 1891 жылы Каирдегі әскери училищені бітіріді. Ағылшын әскери экспедиция құрамында Суданда болды. Офицерлер бүлігіне қатысқаны үшін 1900 жылы әскерден босаған соң, журналистикамен айналысты. 1911–1932 жылдары «Әлкутуб тартуы» ұлттық кітапханасында қызмет істеді. Хафиздің әлеуметтік саяси көзқарасының қалыптасуына Мұхаммед Абдо ілімі ықпал етті. Оның 1901 жылы классикалық үлгіде жазылған тұңғыш өлеңдер жинағы жарияланды. 1906–1922 жылдары жазған лирикаларында ағылшын отаршылдарына қарсы көңіл күйі бейнеленген. «Сатих түндері» повесінде ағылшындардың отарлау саясатын сынады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 жыл, 11 том

Дереккөздер

Санат:Египет тұлғалары Санат:Тұлғалар