Судзуки Харунобу (1718 немесе 1725, қазіргі Токио, - 1770, Токио) - жапон график-суретшісі, кескіндемешісі, Укийе-э мектебінің өкілі. Ағашқа бедерленетін түрлі түсті гравюраның алғашқы шеберлерінің бірі.

Еңбектерінің көпшілігін 1764-1770 ж. аралығында жасады. Суретші негізен қыз-келіншектер бейнесін, көше өмірі көріністерін шынайы әрі тартымды кескіндеді. Ол гравюрада тұңғыш рет көптеген тақтайша қолдану арқылы рельефті қалыптау әдісін қолданды. Судзуки шығармашылығына бояу жарқындығы мен сызықтар биязылығы тән. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том

Дереккөздер

Санат:Жапония тұлғалары Санат:Тұлғалар