Қарауылкелді (2006 жылға дейін - Байғанин)Байғанин ауданының орталығы Байғанин ауылын қайта атау туралы — Ақтөбе облысының оңтүстік-батысындағы ірі аудан - Байғанин ауданының (1965 жылдан) және Қарауылкелді ауылдық округі орталығы. Бастапқыда "Адай уезі" кейінірек Ақтөбе облысына енген.

Географиялық орны Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 246 км-дей жерде, Жарлы өзенінің бойында, Қарауылкелді темір жол станцияның жанында орналасқан.

Тұлғалары Сонымен қатар бұл өлкеде қазаққа аты шыққан тұлға, ақын - Ақтан Керейұлы дүниеге келген.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 8212 адам (4167 ер адам және 4045 әйел адам) болса, 2009 жылы 7981 адамды (3997 ер адам және 3984 әйел адам) құраған.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10887 адамды (5423 ер адам және 5464 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде Атырау - Орск мұнай құбырының құрылысына байланысты қаланған.

Инфрақұрылымы Байғанинде оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері, кірпіш зауыты бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Ауыл суреттері

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері