Александр Дмитриевич Кастальский (1856 жыл 28 қараша, Мәскеу - 1926 жыл 17 желтоқсан, Мәскеу) - кеңес композиторы, музыка зерттеушісі, хор мәдениетінің қайраткері. Өмірі 1893 жылы Мәскеу консерваториясының композиция класын бітірді. П.И.Чайковский, Н.А.Губерт және С.И.Танеевтен сабақ алды. 1887 жылдан Мәскеудің синодальдық училищесінде ұстаздық етті. Ол Қазан революциясына дейін негізінен діни музыка жазумен шұғылданды. 1918-1923 жылдары Халық хор академиясын басқарды. 1922 жылдан Мәскеу консерваториясының профессоры. Кеңестік революциялық әндерді алғаш жазған авторлардың бірі. «Клара Милич» операсын. хорлар, әндер, фортепьянолық пьесалар азды.Оның шығармашылығы орыс хор мәдениетін дамытуда үлкен рөл атқарды. Ғылыми жағынан бағалы еңбегі - халық музыкасы туралы зерттеулері. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:28 қарашада туғандар Санат:1856 жылы туғандар Санат:Мәскеуде туғандар Санат:17 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1926 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Ресей империясы сазгерлері Санат:КСРО сазгерлері Санат:Ресей сазгерлері Санат:XIX ғасыр сазгерлері Санат:XX ғасыр сазгерлері Санат:Ресей империясы музыка педагогтары Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:Ресей музыка педагогтары Санат:XIX ғасыр музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Ресей империясы хор дирижерлері Санат:КСРО хор дирижерлері Санат:Ресей хор дирижерлері Санат:Ресей империясы музыкатанушылары Санат:КСРО музыкатанушылары Санат:Ресей музыкатанушылары Санат:XIX ғасыр музыкатанушылары Санат:XX ғасыр музыкатанушылары Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Мәскеу консерваториясы оқытушылары Санат:Дін сазгерлері Санат:Шіркеу регенттері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер