Әбділақ Нұрлақұлы Халила (15 сәуір, 1949 жылы туған, Түркістан облысы Түркістан ауданы Бабайқорған ауылы) – биология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1999). Халықаралық экология академиясының академигі (2004). Қазақстан жаратылыстану ғылым академиясының корр. мүшесі.
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Алматы облысында мал дәрігері (1972–1975) Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында аспирант, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1975–1986) Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтында (1986–1991) Қазақ ұлттық аграрлық университеті) қызметкер Халықаралық қазақ-түрік университетінде доцент, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, университет президентінің кеңесшісі (1991–1999) болды. 1999 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері
180-нен астам ғылыми жарияланым мен 2 монографияның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:15 сәуірде туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Түркістанда туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлары