Габсбургтер әулеті Габсбургтер әулеті () –1282-1918 жылдары Аустрияда,1526 – 1918 жылдары Чехия мен Венгрияда, Испанияда және оның иеліктерінде билік жүргізген әулет, «Қасиетті Рим империясының» императорлары.

Карл V тұсында Германия, Аустрия, Нидерланд, Италияның едәуір бөлігі, Испания және оның Америкадағы отарлары Габсбургтер әулетіне қарады.1556 жылы Карл V испан тағынан бас тартып, билік оның баласы Филипп ІІ-ге көшті. 1559 жылы Франциямен келісім бойынша Итальяндық соғыстар аяқталып, Габсбургтер Италияның көп бөлігін, атап айтқанда Ломбардия, Пьемонт, Парма, Лукка, Тоскана, Неаполь. Первая Итальянская война и межгосударственные отношенияАвстрия Габсбургтер әулетінің өкілдері Мария Терезия, ол тақты Франц Стефан Лотарингскийден өрбіген балаларына берді, соның ішінде Франц Иосиф. Наполеондық соғыстар тұсында Франц ІІ 1806 жылы «Қасиетті Рим империясының» императорлығынан лажсыз бас тартып, 1804 жылы қабылдаған Австрия императорлығын сақтап қалды. Франц Иосиф І тұсында бұл империя екі биліктен құралған Аустрия-Мажарстан монархиясына айналды. Австрия-Венгрияның Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі, революциялық және ұлт-азаттық қазғалыстардың күшеюі нәтижесінде Габсбургтер әулетінің ең соңғы өкілі Карл І тақтан түсіп, Габсбург монархиясы ыдырады.Қазақ совет энциклопедиясыЯрослав Шимов «Австро-Венгерская империя» (2003) Дереккөздер

Санат:Тарих Санат:Габсбургтер