Джеймс Натаниэль Тони (), 24 тамыз 1968, Гранд-Рапидс, Мичиган, АҚШ) — американдық кәсіпқой боксшы, онымен қоса аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен. Үш салмақ дәрежесінде IBF тұжырымы бойынша әлемнің 12 дүркін чемпионы. «Ринг» журналының тұжырымы бойынша 1991 және 2003 жылдардағы «Жыл боксшысы», онымен қоса осы тұжырымдағы «Жыл оралымы» марапатының иегері.
Өмірбаяны Джеймс Тони 1968 жылы 24 тамызда Мичиган штатының Гранд-Рапидс қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Джеймс пен анасы Шерри ол дүниеге келген кезде некеде болмаған. Әкесі Джеймс өте ашуланшақ адам болған, сонымен қоса жүйкесіне байланысты қиындықтары бар еді. Соның кесірінен түрмеде бірнеше рет отырған. Джеймс-кіші дүниеге келгенде анасы мен әкесі үйленеді, алайда неке сәтсіз болады. Әкесі Джеймс әйелін үнемі ұрып-соғатын. Сол үшін де олардың үйлеріне полиция қызметкерлері келіп тұратын. Некелескеннен кейін төрт ай өткен соң Шерри ажырасуға шағым берді. Әкесі Тони Джеймс үш жаста болған кезде отбасынан кеткен. Содан кейін анасы ұлымен бірге Детройтқа көшуге шешім қабылдайды. Жаңа қалада Джеймс жаман ортаға тап болды. Ол өзімен бірге қару алып жүретін, онымен қоса есірткі саудалаумен айналысқан. Өзінің сөзіне қарағанда ол есірткіні мүлдем қолданбаған. Сол уақытта Тони болашағынан үміт күттірер спортшы болатын. Ол мектепте американдық футболмен және бокспен шұғылданған.
Санат:АҚШ боксшылары